Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий
жариялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 27 желтоқсандағы № 1390 қаулысы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін салық тексерулерге мораторий жариялау туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 590 бұйрығын қараңыз
Осы қаулыға түсініктемені қараңыз
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-форумында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003 жылғы 1 қаңтар - 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық хал-жағдайы туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатсын.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулының 1-тармағын іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |