Қазақстан Республикасында есірткіні, психотроптық заттарды бөлу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті
төрағасының 2002 ж. 21 қарашадағы № 125 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 114 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің 4-тармағы 2-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында есірткіні, психотроптық заттарды бөлу нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес
жөніндегі комитеті төрағасының
2002 жылғы 21 қарашадағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында есірткіні,
психотроптық заттарды бөлу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Есірткі құралдары туралы» 1961 жылғы, «Психотроптық заттар туралы» 1971 жылғы, «Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» 1988 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына, «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін орындау үшін әзірленді.