Тауарларды декларациялаудың кейбір мәселелері туралы
ҚазақстанРеспубликасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының2003 ж. 20 мамырдағы № 221 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 384 және 388-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың тізімдемесі мен жүк кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеудің ережесі;
2) Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу ережесі бекітілсін.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
«Тауарларды декларациялаудың кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасының Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының
2003 жылғы 20 мамырдағы
№ 221 бұйрығымен
бекітілген
Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың
тізімдемесі мен жүк кедендік декларациясын тіркеуден бас
тарту парағын ресімдеудің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жүк кедендік декларацияны қабылдау кезінде құжаттардың тізімдемесі мен жүк кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 384-бабына сәйкес әзірленді және жүк кедендік декларацияға қоса берілетін құжаттардың тізімдемелерін, сондай-ақ жүк кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту парағын ресімдеу тәртібін айқындайды.