Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнынтүзетудiң нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы
ҚазақстанРеспубликасы Кедендік бақылау агенттігінің2003 ж. 15 мамырдағы № 209 бұйрығы
(2005.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен кеден одағы комиссиясының кеден құны декларациясын және кеден құнын түзетуді толтыру тәртібін және нысандарын айқындау мәселелері бойынша шешімінің күшіне енген сәтінен бастап күшін жойды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 317, 318-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеден құнының декларациясының нысанын толтыру тәртібі;
2) Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыру тәртібі бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
15 мамырдағы № 209
бұйрығымен бекітілген
Кедендік құн декларациясының нысандарын
толтырудың ережесі
1. Кедендік құн декларациясының жалпы сипаттамасы
және оны толтыруға қойылатын талаптар
1. Кедендік құн декларациясы (бұдан әрі - КҚД) тиісті жүк кедендік декларациясының (бұдан әрі - ЖКД) қосымшасы болып табылады және онысыз жарамсыз болады.
Егер кедендік құнға КҚД-1 немесе КҚД-2 нысандарында (осы Ережеге 1, 2-қосымша) түзету жүргізілсе, онда кедендік құнды түзету нысандары (Кедендік құнды түзету нысандарын толтырудың ережесіне 1, 2-қосымша) ЖКД-ның ажырамас бөлігі болып табылады.