Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының
2003 ж. 25 сәуірдегі № 182 бұйрығы
(2006.04.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 7 қазандағы № 448 бұйрығымен ; ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер негізін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-ІІ «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау Ережелері бекітілсін.
2. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Наурзалиевке тапсырылсын.
3. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігі Азаматтық
авиация комитеті
Төрағасының
2003 жылғы 25 сәуірдегі № 182
бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘУЕ ЖОЛДАРЫНДА
ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖ БЕН ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
І БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Тасымалдаушылары жүзеге асыратын, жолаушыларды, багаж бен жүктерді, оған жататын барлық технологиялық процестерге қолданылады.
2. Аталған Ережелерге сәйкес орындалатын тасымалдар территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын кез келген елдің тиісті заңдарына, қаулыларына және мемлекеттік органдардың нұсқауларына бағынады.
3. Осы Ережелерге мына ұғымдар мен терминдер қолданады: