Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы
зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру
туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 384 қаулысы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 21.08.04 ж. № 244; 2005.19.04. № 128
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006. 27.05. № 117 қаулысымен күші жойылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 21.08.04 ж. № 244 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгерді (бұр. ред. қара)
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 21.08.04 ж. № 244 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулық (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;