«Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру туралы»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 732 бұйрығы
(2009.25.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 Бұйрығымен күші жойылды
«Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С.Бектұрғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2003 жылғы 7 қарашадағы
№ 732 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.
Нұсқаулық ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізуді (бұдан әрі Аттестаттау) нақтылайды.
2. Аттестаттау ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің бағыттарын ескере отырып, ғылыми ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша жүзеге асырылады.
3. Аттестаттау мемлекеттік және/немесе ресми тілде өткізіледі.
4. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер толық талдауға ұшырайды:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері;
2) материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету;