Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1906 тiркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесін
бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 207 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 416 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1906 тiркелген, 2002 жылғы 15-28 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, № 15 (237)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесінде:
Ереженiң мәтiніндегі "уәкiлеттi мемлекеттік орган", "уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегі" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Заңды немесе жеке тұлғаның аффилиирленген тұлғалары: