Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық
есептi жария етуi туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 469 қаулысы
(2007.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2009.24.08. № 84 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07. № 79 Қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) еншілес ұйымдары жоқ - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған нысандарын;
2) еншілес ұйымдары бар - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған нысандарын жыл сайын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жылдық қаржылық есепті ұсынғаннан кейін бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;