Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын
жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
төрағасының 2003 жылғы 10 қарашадағы № 850 бұйрығы
(ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 24.08.04 ж. № 525
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Шаруашылық жүргізу объектілерінде және тұрғын үй қорында туындауы ықтимал өрттің алдын алу, шаруашылық жүргізудің жаңа нысанының туындауын есепке ала отырып, олардың келтіретін материалдық шығынын азайту мақсатында және "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
жөніндегі агенттігінің
2003 жылғы 10 қарашадағы
№ 850 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау және
қадағалау міндеттерін жүзеге асыру кезіндегі
жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулығы
1. Тарау
Жалпы ережелер