Марапаттаудың салалық жүйесiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 15 қаңтардағы № 39 бұйрығы
(2008.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 Бұйрығымен күші жойылды (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
«Денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.02.09 № 531 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі )
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мынадай марапаттау түрлерi:
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» кеуде белгiсi;
«Құрметтi донор» кеуде белгiсi;
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісі;
Құрмет грамотасы;
Алғыс бекітілсiн.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006.18.08. № 357 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса берiлiп отырған Денсаулық сақтау жүйесi қызметкерлерiн марапаттау тәртібі туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр А.Белоногқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
№ 39 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006.18.08. № 357 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006.18.08. № 357 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленген.