Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және
екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 12
сәуірдегі № 53, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бірлескен қаулысы
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің айқындық дәрежесін көтеру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына және "Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 94 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, Агенттікке екінші деңгейдегі банктер ұсынған "Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер" және "Басқа заңды тұлғалардың капиталға инвестициялары" есептерінің нысандарын бекітсін.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 94 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай нысандар бойынша: ай сайын, есеп бергеннен кейінгі айдың төртінші жұмыс күнінде Астана қаласының уақытымен 18.00-ден кешіктірмей.
1) осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша - ислам банктері болып табылмайтын екінші деңгейдегі банктер;
2) осы қаулының 1 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша - ислам банктері