Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 7 қаулысына (Пленумның 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 11 Нормативтік қаулысы
ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 7 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының атауындағы «Соты Пленумының қаулысы» деген сөздер «Сотының нормативтік қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұрагерлік жөніндегі заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:»;
3) 3-тармақтағы «АК-нің» деген сөз «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК)»деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тармақтың бірінші абзацындағы «қарауында болған» деген сөздер «егер қарауында болса» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-тармақтағы «АІЖК-нің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)»деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру өтеуі мына жағдайда сақтандырылған адамның мұра мүлкіне кіреді:
- егер сақтандырылған адамның өлімі сақтандыру шартында көзделгендегідей жағдай болса, онда сақтандырылған адам сақтандырушы болып табылмаса немесе өзі сақтандырушы болып табылса, бірақ шартта пайда алушы ретінде көрсетілмесе;