Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір
мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 7 Нормативтік қаулысы
(ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 22.12.00 ж. № 18 қаулысымен;
ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 11 Нормативтік қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 11 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгерді(бұр. ред. қара)
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 11 Нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда(бұр. ред. қара)
Мұрагерлік жөніндегі заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Мұра жөніндегі істер бойынша дауларды шешкенде соттар мұра ашылған кезде қолданылған заңды басшылыққа алуы тиіс.
2. Мұра қалдырушының тұрақты жерінен уақытша кетуіне байланысты: мысалы: нақты әскери қызметіне, оқуына, жұмыс жағдайымен түріне қарай іссапарына, өңделу мекемесіне орналасуына, бас бостандығын айыру орнына қамалуына байланысты кеткенде және тағы басқа жағдайларда - мұраның ашылған жері болып, оның соңғы түпкілікті тұрағы есептеледі.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 22.12.00 ж. № 18 қаулысымен 3-тармақ өзгерді;ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 11 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгерді(бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 1042 бабына сәйкес мұраның ашылған уақыты болып мұра қалдырушының өлген күні, ал оны өлген деп жариялағанда - азаматты өлген деп жариялаған сот билігінің күшіне кірген күні танылады. Мұндай жағдайда, егер бірінен кейін бірі мұрагер болатын азаматтардың өлімі бір уақытта немесе бір күн тізбелік тәуліктік ішінде бірақ әрбөлек сағатта болса, онда олар бір-бірінен кейін мұраға ие болмайды, мұра тек олардың әрқайсысынан кейін ашылады.