Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір
мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 7 қаулысы
(ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 22.12.00 ж. N 18 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұрагерлік жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесінің қорытындысын қарап Жоғарғы Соттың Пленумы қаулы етеді:
1. Мұра жөніндегі істер бойынша дауларды шешкенде соттар мұра ашылған кезде қолданылған заңды басшылыққа алуы тиіс.
2. Мұра қалдырушының тұрақты жерінен уақытша кетуіне байланысты: мысалы: нақты әскери қызметіне, оқуына, жұмыс жағдайымен түріне қарай іссапарына, өңделу мекемесіне орналасуына, бас бостандығын айыру орнына қамалуына байланысты кеткенде және тағы басқа жағдайларда - мұраның ашылған жері болып, оның соңғы түпкілікті тұрағы есептеледі.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 22.12.00 ж. N 18 қаулысымен 3-тармақ өзгерді
3. АК-нің 1042 бабына сәйкес мұраның ашылған уақыты болып мұра қалдырушының өлген күні, ал оны өлген деп жариялағанда - азаматты өлген деп жариялаған сот билігінің күшіне кірген күні танылады. Мұндай жағдайда, егер бірінен кейін бірі мұрагер болатын азаматтардың өлімі бір уақытта немесе бір күн тізбелік тәуліктік ішінде бірақ әрбөлек сағатта болса, онда олар бір-бірінен кейін мұраға ие болмайды, мұра тек олардың әрқайсысынан кейін ашылады.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 22.12.00 ж. N 18 қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. АК-тiң 1068-бабына сәйкес қайтыс болған адамның ол қайтыс болғанға дейін және онымен бiрге тұрған кемінде бір жыл бойынша қарауында болған, еңбекке қабілетсіз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады.