ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен күші жойылды
"Эпидемиология және тағам гигиенасы
санитарлық-эпидемиологиялық
ереже мен нормаларды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2004 жылғы 18 тамыздағы
№ 630 бұйрығымен бекітілген
"Физио- және инерефлексотерапиясы бөлімшелерін (кабинеттерін)
ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Физио- және инерефлексотерапиясы бөлімшелерін (кабинеттерін) ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік түріне қарамастан электр-жарығымен емдеу, электрмен ұйықтату, ультрадыбыспен, аэроионды-аэрозолды және электрлі-аэрозольмен, электро-форезбен, жылумен емдеу, массаж жасау, инерефлексотерапиямен емдеу қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Осы санитарлық ереже талаптарының орындалуын ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
3. Осы санитарлық ережені дайындауда төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) физиотерапия - емдеу мақсатында табиғи және физикалық (электрмагниттің, жарықтың, лазердің, жылу көздерінің сәулесімен, ультрадыбыстық толқынмен және басқа да әсерлермен) факторларды қолдану;
2) аэроионды-аэрозольмен емдеу және электрлі-аэрозольмен емдеу - ауаға аэрозоль түрінде шашылған сұйық және қатты дәрмектік заттармен дем алу арқылы емдеу;
3) дарсонвализация - жоғары жиіліктегі (110 килогерц), жоғары кернеудегі (20 киловатт) және аз күші (0,02 мегаампер) бар айнымалы импульсты токты қолдану арқылы электрмен емдеу әдісі;
4) индуктотермия - емдеу мақсатында науқастың денесінен жоғары жиіліктегі (13,56 мегагерц) индукциялық құйынды токты өткізу;
5) инемен емдеу, инерефлексотерапия, акупунктура - әр түрлі ауруларды адам денесінің белгілі нүктелеріне ине (арнайы инелермен және лазер сәулесімен) шаншу арқылы рефлекторлы әдіспен емдеу;