Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық
ереже мен нормаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 630 бұйрығы
(2008.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2010.04.08. № 597 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Сыра мен алкогольсiз сусындарды өндiру жөніндегі объектiлерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;
2) «Физио- және инерефлекстерапиясы бөлiмшелерiн (кабинеттерiн) ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;
3) «Хирургиялық бейiндi ауруханалық ұйымдарға (бөлiмшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Әкiмшiлiк департаментiнiң директоры (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жiберсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң
міндетін атқарушы
«Эпидемиология және тағам гигиенасы
санитарлық-эпидемиологиялық
ереже мен нормаларды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2004 жылғы 18 тамыздағы
№ 630 бұйрығымен бекітілген
«Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі
объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормалар
1. Жалпы ережелер