ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2010.04.08. № 597 бұйрығымен күші жойылды
«Эпидемиология және тағам гигиенасы
санитарлық-эпидемиологиялық
ереже мен нормаларды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2004 жылғы 18 тамыздағы
№ 630 бұйрығымен бекітілген
«Хирургиялық бейінді ауруханалық ұйымдарға (бөлімшелерге)
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. «Хирургиялық бейінді ауруханалық ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік түріне қарамастан жобалаумен, құрылысын жүргізумен, қайта жаңартумен және ұйымды (бөлімшені) пайдаланумен айналысатын, халыққа хирургиялық көмек көрсететін ауруханалық ұйымдар (бөлімшелерге) және жеке тұлғаларға таралады.
2. Осы санитарлық ереже талаптарын орындауды ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
3. Осы санитарлық ережеде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) операциядан кейінгі іріңді асқынулар - операция жасау барысында, ауруды анықтау үшін жүргізілген тексерістердің және басқа да емшараларды жүргізу барысында терінің және шырышты қабаттың бұзылуы салдарынан кейін болатын жұқпалы үдеріс;
2) биологиялық қалдықтар - хирургиялық операция барысында алынып тасталған адам ағзалары мен тіндері;
3) хирургиялық бағыттағы ауруханалық ұйымдар - бұл, ауруларға хирургиялық көмек көрсететін барлық меншік түріндегі денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары;
4) аурухана ішіндегі жұқпа - стационардағы ауруларды тексеру және емдеу кезінде пайда болатын жұқпалы аурулар;
5) кварцтеу - ультракүлгін сәуленің әсерімен заттар мен ауаны зарарсыздандыру;
6) операция жасайтын блок - ауруханадағы операция жасауға арналған оқшауланған кешенді үй-жай;
7) санитарлық тазалау - ауруды себезгімен немесе ванна жуындыру және шашы мен тырнағын алу;