"Бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік өртке
қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2613
тіркелген 2003 жылғы 10 қарашадағы № 850 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 525 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарындағы 2004 жылғы 17 наурыздағы кеңейтілген шешімін орындау барысында және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты нығайту жөніндегі біркелкі тәжірибені, сондай-ақ мемлекеттік өрт қадағалау қызметін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. "Бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 850 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2613 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: