Мемлекеттік статистика органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі №127 бұйрығы
ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2010.29.04. № 100 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын біркелкі қолдану және сақтау мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Заң қызметі және кадр жұмысы басқармасы (Ғ.Ш. Мусин) заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге табыс етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары Ю.Қ. Шоқамановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
«Мемлекеттік статистика органдарының
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 127 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік статистика органдарының әкімшілік
құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік статистика органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері жөніндегі міндеттері мемлекеттік статистика саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.