Жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің
(профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына
конкурстық орналасудың ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18қарашадағы № 949 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 635 Бұйрығымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы № 319-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А. Құрманәлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
2004 жылғы 18 қарашадағы
№ 949 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық
персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының,
ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
2. Осы ереже жоғары оқу орындары мен ғылыми-педагогикалық персоналдары қызметкерлерінің арасындағы конкурстық іріктеудің тәртібі мен жағдайын анықтайды.