Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың Ережесін бекіту туралы
Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы № 236 бұйрығы
(2009.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен күші жойыды
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.04. № 173 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 1-тармағының 26-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың Ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Наурызәлиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2004 жылғы 29 қарашадағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға
қызмет көрсетуді ұйымдастырудың
ережелері
1. Жалпы ережелер
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.04. № 173 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 1-тармағының 26-4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың және багажды өңдеудің тәртібін белгілейді.