"Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен
төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің
2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-б бұйрығына өзгеріс және толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 293-ө бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006.29.12. № 311-ө бұйрығымен күші жойылды
Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін төлеудің тәртібін "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Бюджет қаражаты есебінен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеудің тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындарға және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарға жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеудің тәртібін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 қаулысымен, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-1 Заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: