Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге
асыру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 ж. 20 маусымдағы N 237 қаулысы
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберсiн;
3) 2002 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң инвестициялық стратегиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
|
|