Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27
қазандағы N 377 қаулысы
Осы редакция 2003 ж. 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушының жұмыс істеуінің айқындылық дәрежесін және тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының