Дәрiлiк заттар туралы Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 13 қаңтардағы N 522-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Дәрілік заттар айналымы саласындағы (4 - 14 баптар)
қатынастарды мемлекеттік реттеу
3-тарау. Азаматтардың дәрілік заттар айналымы (15 - 16 баптар)
саласындағы құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Дәрілік заттарды әзірлеу, зерттеу (17 - 21 баптар)
және (немесе) сынау
5-тарау. Дәрілік заттардың айналымы (22 - 32 баптар)
6-тарау. Қорытынды ережелер (33 - 35 баптар)
Осы Заң дәрiлiк заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының халқын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк көмекпен қамтамасыз етудiң құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, құрамында есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттар айналымының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) фармацевтикалық тексеру актiсi - дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъект қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн немесе сәйкес еместiгiн тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамы жасайтын құжат;
2) дәрiхана, дәрiхана пунктi, дәрiхана дүңгiршегi, дәрiхана қоймасыдәрiлiк заттарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкенi, медицинатехникасы және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенi, медицина техникасыжәне медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрiлiк заттардысертификаттау және сынау жөнiндегi зертханалар, дәрiлiк заттар өндiружөнiндегi ұйымдар - фармацевтикалық қызмет объектiлерi;