Ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне
кредит беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 26 ақпандағы N 233 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 26 ақпандағы
N 233 қаулысымен бекiтiлген
Ауылдық-кредит серіктестіктерi жүйесi арқылы
ауыл шаруашылығы өндірiсiне кредит беру ережесi
1. Осы Ереже 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1879000000 (бiр миллиард сегiз жүз жетпiс тоғыз миллион) теңге сомасында (бұдан әрi - Қаражат) кредит беру тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
2. Қаражат заңнамада белгіленген тәртiппен мерзiмділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге жылдық 0,5%-ға тең сыйақының тiркелген ставкасы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнедi.
3. Қаражат ауылдық кредит серiктестіктерiне (бұдан әрi Серiктестiктер) кредит беру үшiн бөлiнедi.
4. Қаражат бөлу екiншi деңгейдегі банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға (бұдан әрi - Қарыз алушы) кредит беру жолымен жүргiзіледi.