Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесін бекіту және кейбір
нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 бұйрығы
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағының негізінде, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесі бекітілсін.
2. Аумақтық әділет органдарының басшылары бекітілген Ережені тиісінше қолдануды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әділет вице-министрі С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік нотариустарды аттестациялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы N 109 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 423 тіркелген);
2) "Орталық аттестациялық комиссия туралы" Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы N 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 424 тіркелген).
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
"Жекеше нотариустардың
аттестаттаудан өту Ережесін
бекіту және кейбір нормативтік
құқықтық актілердің күші
жойылды деп тану туралы"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2003 жылғы 25 мамырдағы
N 148 бұйрығымен
бекітілген
Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту
Ережесі
1. Жалпы ережелер