Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқарамысының
2002 ж. 23 желтоқсандағы N 509 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 29.05.03 ж. N 180; 02.12.03 ж. N 417 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы ред. қара
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.