Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығы
(ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 03.04.04 ж. N
54; 25.05.04 ж. N 77; 02.07.04 ж. N 98; 19.07.04 ж. N 104
бұйырықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі N 111 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шаженова) Құқықтық басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2004 жылға 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2003 жылға арналған есепті кезеңде жүзеге асырылатын қорытынды операцияларға қолданылмайды.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2003 ж.29 желтоқсандағы
N 201 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 25.05.04 ж. N 77 (бұр.ред. қара) 02.07.04 ж. N 98 бұйрығымен өзгертілді
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Бюджеттік кірістердің сыныптамасы