Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шiлдедегi № 307-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 450-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шiлдедегi № 307-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде оны осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдарға жұмыс және олардың интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google