Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 Қаулысы
(2026.09.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2026.24.09. № 838 Қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2018.28.09. № 605 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2018.28.09. № 605 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2018.28.09. № 605 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 45-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;

Добавить в список основных источников в Google