Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 Қаулысы
(2023.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 104 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2023.13.12. № 1114 Қаулысымен 1-тармақ жаңа реакцияда (2023 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2023.13.12. № 1114 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Добавить в список основных источников в Google