Все сервисы
Zanger
Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығы
(2026.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 934 бұйрығын қараңыз (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
«Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мына:
1) «Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10306 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған);

Добавить в список основных источников в Google