Все сервисы
Zanger
Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 325 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 933 бұйрығын қараңыз (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған осы бұйрықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | М. Бекетаев |
Әділет министрінің
2017 жылғы 3 наурыздағы
№ 325 бұйрығымен
бекітілген
Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google