Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 651 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 20 тамыздағы
№ 651 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 231-құжат).

Добавить в список основных источников в Google