Все сервисы
Zanger
Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 Қаулысы
(2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.12.09. № 65 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.28.08. № 45 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.12.09. № 65 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Добавить в список основных источников в Google