Все сервисы
Zanger
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 588 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 588 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1456 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
қағидалары
1. Негізгі ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жер қойнауының аз зерттелген учаскелері - болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;
2) аукцион - аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;

Добавить в список основных источников в Google