Все сервисы
Zanger
Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 Қаулысы
(2024.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.06. № 56 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.06. № 56 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгіленсін.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.06. № 56 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Редакция документа
Демо – версия документа