Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
(2026.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2026.11.09. № 1462 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №788 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №19, 165-құжат).
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 11-і.
№ 167
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың
ЖАЛПЫ СТАНДАРТТАРЫ
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2026.11.09. № 1462 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары (бұдан әрі - Жалпы стандарттар) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың халықаралық стандарттарының қағидаттары ескеріле отырып, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік аудит туралы заң) 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Добавить в список основных источников в Google