Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 298-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 298-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

Қазақстан Халық Кеңесі туралы

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі

2-бап. Мақсаты мен міндеттері

3-бап. Қызметінің қағидаттары

4-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттіктері

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҒЫ

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өкілеттігі

6-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің құрылымы

7-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы

8-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы

9-бап. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігін тоқтату

10-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы

11-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

12-бап. Қазақстан Халық Кеңесін құру және оның құрамын қалыптастыру тәртібі

13-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне қойылатын талаптар

14-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

15-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттігін тоқтату

16-бап. Заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асыру

17-бап. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру

18-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы

19-бап. Қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау

20-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін іске асырудың өңірлік тетіктері

21-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормалары

22-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету

23-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін, құрылу, құрамын қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі

1. Қазақстан Халық Кеңесі - Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң, Қазақстан Халық Кеңесінің Регламент, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттары Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің құқықтық негізін құрайды.

3. Қазақстан Халық Кеңесін ұйымдастырудың және оның қызмет тәртібінің осы Конституциялық заңмен реттелмеген мәселелері Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентімен реттеледі.

 

2-бап. Мақсаты мен міндеттері

1. Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты - мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу арқылы Қазақстан халқының мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету.

2. Қазақстан Халық Кеңесі мынадай міндеттерді іске асырады:

1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалогты ұйымдастырады;

2) қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтады;

3) Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетеді.

 

3-бап. Қызметінің қағидаттары

Қазақстан Халық Кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын, сондай-ақ:

1) тәуелсіздік;

2) заңдылық пен құқықтық тәртіп;

3) диалог пен ашықтық;

4) консенсус пен алқалылық;

5) инклюзивтілік пен кемсітпеушілік қағидаттарын негізге ала отырып жүзеге асырады.

 

4-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттіктері

Қазақстан Халық Кеңесі:

1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді;

2) Қазақстан Республикасының Құрылтайына заң жобаларын енгізеді;

3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;

4) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

5) мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтық қоғам институттары арасындағы жалпыұлттық диалогты қамтамасыз ету үшін қоғамдық алаңдарды, консультациялар мен тыңдауларды, семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ өзге де іс-шараларды ұйымдастырады;

6) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

7) мемлекеттің ішкі саясатының мәселелері, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады;

8) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсатымен және міндеттерімен байланысты мәселелер бойынша қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда жүзеге асырады;

9) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҒЫ

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітеді;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығын құрады және оның басшысын тағайындайды;

3) Қазақстан Халық Кеңесінің сессияларына қатысуға және Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзге де мәселелері бойынша ұсыныстармен және бастамалармен сөз сөйлеуге құқылы;

4) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

6-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің құрылымы

1. Қазақстан Халық Кеңесінің құрылымын Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы мен Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы құрайды.

2. Қазақстан Халық Кеңесі өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бағыттары бойынша тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға құқылы. Оларды құрудың және қызметінің тәртібі Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде айқындалады.

 

7-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы

1. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы - Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жиналысы (бұдан әрі - Сессия) Қазақстан Халық Кеңесінің жоғары басшылық органы болады.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші Сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті шақырады.

3. Қазақстан Халық Кеңесінің кезекті Сессиясын Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессияны шақыру туралы өкім оның өтетін күні, орны және күн тәртібі көрсетіліп, басталуынан отыз күннен кешіктірмей шығарылады, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

4. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы Қазақстан Халық Кеңесінің:

1) Қазақстан Республикасының Құрылтайына заң жобаларын енгізу туралы шешімдер қабылдау;

2) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру;

3) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша тұжырымдамалық тәсілдер, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі өкілеттіктерін іске асырады.

5. Сессия жұмысына Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.

6. Сессия шешіміне Қазақстан Халық Кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

7. Сессия шешімін Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы бекітеді. Сессия шешімдеріндегі мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар міндетті түрде қаралуға тиіс.

8. Сессияда талқыланатын мәселелер, қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар жұртшылық назарына жеткізіледі.

9. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының шешімімен Сессия отырыстарына Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі емес лауазымды және өзге де адамдар, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері шақырылуы мүмкін.

 

8-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы

1. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында төрт жыл мерзімге сайланады.

Бір адам екі реттен артық Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайлана алмайды.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері ұсынады.

3. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасын сайлау жөніндегі Қазақстан Халық Кеңесінің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан кезде заңды болады.

4. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы:

1) Қазақстан Халық Кеңесінің қызметіне жалпы басшылық жасайды;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясын шақырады;

3) Қазақстан Халық Кеңесі басшылыққа алатын құжаттарды бекітеді, оларды іске асыру жөнінде тапсырмалар береді;

4) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының отырыстарында төрағалық етеді;

5) Қазақстан Халық Кеңесі Сессиясының күн тәртібін айқындайды;

6) Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентін бекітеді;

7) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Халық Кеңесінің атынан үндеулер мен мәлімдемелер жасайды;

8) өз өкілеттігінің бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.

5. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің арасынан ротациялау қағидаттарына сәйкес екі жыл мерзімге тағайындайды.

Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасарларын ротациялау Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. Бір адам бір реттен артық Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындала алмайды.

 

9-бап. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігін тоқтату

1. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі:

1) өкілеттік мерзімі аяқталған;

2) өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;

4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;

5) заңды күшіне енген сот шешімімен ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылған;

6) заңды күшіне енген сот шешімімен ол хабарсыз кеткен деп танылған;

7) қайтыс болған немесе заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болған деп жарияланған;

8) Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша шешім қабылданған жағдайларда тоқтатылады.

2. Өкілеттікті тоқтату туралы шешім Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

3. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда жаңа Төраға сайланғанға дейін оның міндеттерін Төрағаның орынбасары - Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы уақытша атқарады.

4. Қазақстан Халық Кеңесінің жаңа Төрағасын сайлау Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі осы баптың 1-тармағының 2) - 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Халық Кеңесінің жаңадан сайланған Төрағасы өкілеттігін қалған мерзімде жүзеге асырады.

 

10-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы

1. Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы (бұдан әрі - Төралқа) сессиялар аралығындағы кезеңде Қазақстан Халық Кеңесіне басшылық жасауды жүзеге асырады.

2. Төралқа - этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық бірлестіктерден және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінен тең дәрежеде өкілдік ететін мүшелерінің арасынан Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы қалыптастыратын алқалы орган.

3. Төралқа отырыстарын Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы немесе Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасымен келісу бойынша оның орынбасарлары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет шақырады.

4. Төралқаның өкілеттігіне:

1) заң жобаларын әзірлеу туралы шешімдер қабылдау;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасына кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу;

3) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмыс жоспарына ұсыныстар тұжырымдау;

4) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың бағыттары бойынша тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын құру туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекіту;

5) Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттері, салалық комиссиялары мен жұмыс топтары жетекшілерінің ақпаратын тыңдау;

6) Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормаларын бұзуы не өз міндеттерін тиісінше орындамауы фактілері анықталған жағдайда Этика жөніндегі комиссия қорытындысы негізінде оның өкілеттігін тоқтату жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдау;

7) Сессияның құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдерді қабылдау жатады.

5. Төралқа отырысының жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

6. Төралқа шешімі хаттамамен ресімделеді және отырысқа қатысқан Төралқа мүшелерінің кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

 

11-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы

1. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы - Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

2. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы туралы ережемен регламенттеледі.

3. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығын Хатшылық басшысы басқарады, ол бір мезгілде Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары болады және лауазымға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі емес адамдар арасынан төрт жыл мерзімге тағайындалады.

 

 

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ

ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

 

12-бап. Қазақстан Халық Кеңесін құру және оның құрамын қалыптастыру тәртібі

1. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы азаматтық қоғам мен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан мынадай пропорцияда қалыптастырылады: этномәдени бірлестіктерден - қырық екі адам, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардан - қырық екі адам, астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарынан және қоғамдық кеңестерінен - қырық екі адам.

2. Егер осы Конституциялық заңда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.

3. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы туралы ұсыныстарды Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы қалыптастырады және олар Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Президентіне жіберіледі.

 

13-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі бола алады.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық бірлестіктерден және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан қабылданған мүшесінің қоғамдық қызмет тәжірибесі кемінде үш жыл, оның ішінде тиісті этномәдени бірлестіктің, қоғамдық бірлестіктің және өзге де коммерциялық емес ұйымның қызметіне қатысу тәжірибесі кемінде бір жыл болуға тиіс.

3. Мыналар:

1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған адам;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам;

3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі бола алмайды.

 

14-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз қызметін осы Конституциялық заңда белгіленген өкілеттіктер шеңберінде қоғамдық негізде жүзеге асырады.

2. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің этносқа, дінге, партияға немесе өңірге жататыны негізінде бірігуіне жол берілмейді.

3. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмыс жоспарына және сессиялардың күн тәртібіне ұсыныстар енгізуге;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінің, салалық комиссияларының және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;

3) Қазақстан Халық Кеңесі конференцияларының, семинарларының, дөңгелек үстелдерінің жұмысына және өзге де іс-шараларына қатысуға;

4) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз өкілеттігін басқа адамдарға беруге құқылы емес.

4. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша Сессияның және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының шешімдерін орындауға;

3) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділік пен алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерге немесе мәлімдемелерге жол бермеуге;

4) Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің қағидаттарын, Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің осы Конституциялық заңның 21-бабында белгіленген әдеп нормаларын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

 

15-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттігін тоқтату

1. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің өкілеттігі:

1) өкілеттік мерзімі аяқталған;

2) өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұруға құқығын растайтын өзге де құжат алған;

4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;

5) заңды күшіне енген сот шешімімен ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылған;

6) заңды күшіне енген сот шешімімен ол хабарсыз кеткен деп танылған;

7) қайтыс болған немесе заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болған деп жарияланған;

8) Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі осы Конституциялық заңда белгіленген өз міндеттерін тиісінше орындамаған, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының тиісті шешімі болған;

9) Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі осы Конституциялық заңның 21-бабында белгіленген әдеп нормаларын бұзатын теріс қылық жасаған, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының тиісті шешімі болған;

10) Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде белгіленген тәртіппен ротацияланған;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Халық Кеңесінің шығып қалған мүшесінің орнына кірген Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің өкілеттігі Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің қалған өкілеттік мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

 

16-бап. Заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асыру

1. Қазақстан Халық Кеңесі өзінің мақсаты мен міндеттерін осы Конституциялық заңда көзделген тәртіппен жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асырады.

2. Қазақстан Халық Кеңесінде заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірі бастама жасауы, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының шешімімен бастама жасалуы мүмкін.

3. Заң жобалары Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентіне сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінде, салалық комиссияларында және жұмыс топтарында міндетті түрде алдын ала талқылануға тиіс.

4. Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізу туралы шешім Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады.

 

17-бап. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру

1. Қазақстан Халық Кеңесі өзінің мақсаты мен міндеттерін іске асыру шеңберінде осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы.

2. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі мәселені қою құқығы Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісіне тиесілі.

3. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі мәселе Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентіне сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінде, салалық комиссияларында және жұмыс топтарында міндетті түрде алдын ала талқылануға тиіс.

4. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі шешім Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады.

 

18-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы

1. Қазақстан Халық Кеңесі өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде қоғамдық мүдделерді білдіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!