Все сервисы
Zanger
«Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығы
(2026.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.25.11. № 367 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2021.06.10. № 314 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.14.04. № 152-н/қ бұйрығымен (2026 ж. 21 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.25.11. № 367 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google