Все сервисы
Zanger
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығы
(2026.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
Министр
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2016.29.01. № 55 бұйрығымен (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2020.28.05. № 65 бұйрығымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен бекітілді
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы
нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2026.20.03. № 278 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

Добавить в список основных источников в Google