Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.05.02 Ж. № 600 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң

2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi

iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.

30 мамырдағы № 600 қаулысы

Осы редакция ҚР 28.10.02 ж. № 1147 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы № 201 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының басшылары Жоспарда анықталған iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы туралы ақпаратты жыл сайын маусымның 30-ына және желтоқсанның 30-ына Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И. Тасмағанбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 30 мамырдағы № 600

қаулысымен Бекітілген

Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің

2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар

Жоспары

Р/с N Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуына жауаптылар Орындалу мерзімі
  Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
1 Жұмысты үйлестiрудi және қо- сарланушылықты болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қылмыстарға қарсы күрестi реттейтiн ве- домстволық нормативтiк кесiм- дерге тексеру жүргiзу Үкіметке ақпарат беру ҚПА, ІІМ, МКМ, БП (келісім бойынша) 2002 жылғы 2-тоқсан
2 Қылмыстық кодекске және Әкiм- шiлiк құқық бұзушылық туралы кодекске салықтық қылмыс пен құқық бұзушылықты нақтылау және құрамын айқын бөлшектеу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Заң жобасы ҚПА, МКМ 2002 жылғы 2-тоқсан
3 Мыналарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу: - Қылмыстық кодекске санк. цияны "үнемдеу" бөлiгiнде; - Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне экономика саласын- дағы қылмыстар туралы арыз- дарды және хабарламаларды қарау мерзiмiн өзгерту жөнiнде Заң жобасы ҚПА, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) 2003 жылғы 2-тоқсан
4 "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы iс-әрекет туралы" Заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу Заң жобасы ХБ (келісім бойынша), ҚПА және басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволар 2003 жыл
  Практикалық қызмет
5 Экономикалық қылмыс бағыт- тарының өрiстеу мониторингi және оның алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының caраптама топтарын құру Бұйрық ҚПА, ІІМ, МКМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) 2002-2003 жылдар
  Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
6 Республиканың арнайы мони- торинг режимiнде тұрған iрi кәсiпорындары қызметiне және салықтар түсiмiне жүйелi талдау жүргiзу Үкіметке ақпарат беру МКМ Тоқсан сайын
 Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
7 Негiзгi экспортшылар мәмi- лелерiне мониторингті және экспортқа өткiзу кезiнде трансферттiк баға- ларды қолдануға бақылауды жүзеге асыру Үкіметке ақпарат беру МКМ Тоқсан сайын
8 Тауарларды контрабандалық әкелудiң (әкетудiң) алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған iс-шара- ларды, соның iшiнде "Бақты", "Достық", "Қорғас", "Майқап- шағай" шекаралық кедендерiнде жүргiзу Үкіметке ақпарат беру БП (келісім бойы- нша), ІІМ, ҚПА, МКМ, ҰҚК (келі- сім бойынша) 2002-2003 жылдар
  Жалған және қасақана банкроттықпен байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
9 "Қасақана және жалған банкроттық фактiлердiң алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша мем- лекеттiк органдардың өзара ic-қимылы туралы" бiрлескен бұйрық әзiрлеу Бұйрық МКМ, ҚПА 2002 жылғы 3-тоқсан
10 Жалған және қасақана банкрот- тық фактілерін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізу Үкiметке ақпарат беру МКМ, ҚПА 2002 жылғы 2-ші жарты- жылдық
 Акцизделетін тауарлардың заңсыз өндірісіне және сатуға байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
11 "Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлде- дегi Қазақстан Республикасының Заңына және "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысына сәйкес алкоголь өнiмiн және этил спир- тін көтерме-бөлшек сатуды ретке келтiру бойынша iс-шаралар жүргiзу Үкіметке ақпарат беру ҚПА, МКМ 2002 жылғы 2-ші жарты жылдық
12 Уылдырық және бекiре тұқым- дастарының заңсыз Үкiметке айналымы фактiлерiн анықтау және олардың жолын ақпарат беру кесу мақсатында "Балық аулау маусымы" операциясы шеңберiнде iс-шаралар ұйымдастыру Үкіметке ақпарат беру ІІМ, ҚПА, МКМ 2002-2003 жылдар
  Бюджет саласындағы бұзушылықтарға қарсы күрес
13 Экономиканың аграрлық-өнер- кәсiптiк, өндiрiстiк секторлары салаларының дамуына және әлеуметтiк бағдарлама- ларды iске асыруға мемлекет бөлген бюджет қаражатын мақсаттан тыс пайдалануын болдырмау бойынша iс-шараларды жүзеге асыру Үкіметке ақпарат беру ҚарМ, ІІМ, ҚПА және басқа мүд- делі мемлекеттік органдар Жарты- жылдықта бір рет
14 Астықпен, жанар-жағар мате- риалдарымен және мемле- кеттiк резервтен бөлi- нетiн басқа стратегиялық маңызды шикiзат түрлерiмен байланысты ұрлықтарды және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша iс-шаралар жүргiзу Үкіметке ақпарат беру ҚарМ, ММРА, ІІМ, ҚПА, БП, (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) Жыл сайын 3-тоқсанда
 
15 Жалған ақша жасау фактiлерi- нiң жолын кесу бойынша келiсiлген iс-шараларды жүзеге асыру Үкіметке ақпарат беру ІІМ, ҚПА 2003 жылғы ақпан
16 Бағалы қағаздармен, несие- лiк карточкалармен, чектер- мен, соның iшiнде халықаралық төлем жүйесiмен, INTERNET желiсi бойынша сауда мәмiле- лерi және т.б. операцияларды жүзеге асыру кезiнде құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша практиканы қорыту Үкіметке ақпарат беру ҚПА, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша) және басқа мүдделі мемлекеттік органдар 2003 жыл
  Алдын алу шаралары
17 Үкіметке ақпарат беру Жыл сайын
18 Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi ақпараттық- насихаттық қолдауды қамтамасыз ету Үкіметке ақпарат беру ІІМ, ҚПА, МКМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) Жыл сайын
19 Президе- нт Әкім- шілігіне ақпарат беру ІІМ, ҚПА, МКМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) Жыл сайын

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами