Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 105 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 21 шілдеде қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы | М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 105 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының
тізбесі