«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінін 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 183-н/қ бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін аткарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14155 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-1-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті осы бұйрықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін аткарушының
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 183-н/қ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру
жоспары