«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 652 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
308) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«308) цифрлық авиажүкқұжатының нысанын әзірлеу және бекіту;»;
380-1) тармақшамен толықтырылсын:
«380-1) авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;»;
381) және 382) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«381) азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның ұсынуы бойынша авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру;
382) азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
383) тармақша алып тасталсын;
390) тармақша алып тасталсын;
1-тармағының он үшінші - жиырма бірінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
392) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 429-16), 429-17), 429-18), 429-19), 429-20), 429-21), 429-22), 429-23) тармақшалармен толықтырылсын: