«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 қазандағы № 383 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңы 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті осы бұйрықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ә. Жамауов |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 383 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспары