Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығы
(2026.03.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.14.07. № 411/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025.20.03. № 122/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 271) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.14.07. № 411/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;