Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 420 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.09.07. № 668 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.09.07. № 668 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 8 мамырдағы
№ 420 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді